Жазғы Азия ойындарына батысқазақстандық спортшылар да қатысады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 19 қыркүйек - 4 қазан аралығында өтетін ХVІІ жазғы Азия ойындарында батысқазақстандық спортшылар да ел намысын қорғайды.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде Георгий Шейко спорттық жүрістен сынға түседі. Рустам Куватов жаттықтыратын Г.Шейко - Лондон олимпиадасына қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстандықтар басқа атақ-дәрежесін айтпағанда, дзюдодан әлем біріншілігінің қазақ жастары арасында тұңғыш күміс жүлдегері Азамат Мұқановқа үлкен үміт артады. Оның бапкері - Сайын Ерғалиев. Әйелдер күресінен өткен жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, биыл жастар арасында дүниежүзілік доданың күмісін иеленген, әкесі Алексей баптайтын Екатерина Ларионова да осал емес. Байдарка мен каноэдан 2010 жылы Қытайда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы, әлем кубогінің иегері Алексей Дергунов пен Азия жеңімпазы Андрей Ергучев олжа сала ма деген үміт бар. Бұл екеуін кезінде өзі әлем чемпионы атанған Александр Акунишников дайындауда. Көгалдағы хоккейден ел құрамасы сапында Виктория Шаймарданова (бапкері Елена Бережная) мен Ольга Шевелева (Надежда Сумкина) бар. Академиялық есуден Азияда талай рет жүлдегер атанған Григорий Феклистов айдынға шығады. Сонымен қатар Инчхонда параазиялық ойындар да өтеді. Оған БҚО-дан Руслан Өтебалиев (жүзу), Теміржан Хасанғалиев (дзюдо) барады.

Соңғы жаңалықтар