Жазғы биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ШҚО чемпионаты аяқталды

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Жазғы биатлоннан (кросс) 1998-2003 жылғы жасөспірімдер арасындағы ШҚО чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«EXPO 2017» көрмесіне орайластырылған шара Риддер қаласының «Вертикаль» спорт кешенінде өтті. Жарысқа қатысушылар кросс пен атудан сайысқа түсті.

Чемпионатқа Риддер мен Семей қалаларынан 80-нен аса спортшы қатысты. Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді: 1998-1999 жылдарғы, 2000-2001 жылдарғы,  2002 жылдарғы және одан кіші.

Доданың алғашқы күні жақын қашықтыққа жарысудан риддерлік үш спортшы - И. Дарьин, А. Мақашева (1998-99 ж.) және А. Кисилева (2002 ж. - одан кіші), сондай-ақ  және семейлік үш спортшы К. Бауэр, К. Титиветская (2000-2001ж.) мен Р.Морковин (2002ж. - одан кіші) ШҚО чемпиондары атанды.

Жас ерекшелігі жоғары санаттағылар арасында В. Шлемов пен О. Чулкова жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Ал  2000-2001 жылдары туған спортшылар арасында  Р. Пушкарев пен А. Поздняковаға тең келер ешкім болмады. 

 

Соңғы жаңалықтар