Жазғы демалыс қарсаңында елордалық полицейлер оқушыларды қауіпсіздікке шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер «Назар аударыңыз - балалар!» жедел алдын алу шарасы шеңберінде ЖКО салдарынан зардап шеккен балаларға жарық шағылыстыратын білезіктер сыйлады.
ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан astana.kz сайтына хабарлағандай, бүгінгі таңда 28 жол-көлік оқиғасында 27 бала түрлі жарақаттар алды, біреуі көз жұмды. Соның ішінде 23-і жолдың тыйым салынған бөліктерінен өтсе, кәмелетке толмаған төртеуі ата-аналардың балаларға арналған ұстау заттарынсыз тасымалдауы салдарынан жарақаттар алды.
«Осы күндері апат салдарынан 10 жасар қыз-жолаушы көз жұмды. Бұл көлікте де балаларға арналған автокресло болмаған», - деді ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері Лариса Красникова.
Бүгін №2 қалалық балалар ауруханасында ЖКО салдарынан зардап шеккен балалармен және ата-аналармен алдын алу акциясы өткізілді. Шараның мақсаты - ересектер мен балаларға көше-жолдарда жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салу. Жазда балалар көп уақытын далада өткізеді, кейде қарапайым жол ережелері туралы ұмытып та кетеді. Жол қозғалысының жас инспекторлары командасындағы балалар тақырыптық сахналық қойылымдар көрсестіп, ойын түрінде және бәріне де түсінікті үлгіде көшеде қалай жүру керек екендігі туралы түсіндірді, содан кейін қатысушыларға жарық шағылыстыратын білезіктер таратты.
Көптеген шетелдік зерттеулер дәлелдегендей, жарық шағылыстыратын киім кию және заттарды алып жүру - қараңғы кезде жолдарда өзін байқатудың қарапайым және тиімді әдістердің бірі. Бұл білім мекемелерінде өткізілетін жол қозғалысы туралы әдеттегі әңгімелер мен дәстүрлердің тиімділігін, сондай-ақ, киім-кешекте жарық шағылыстыратын элементтердің болуының қажеттілігін арттырады. Өз кезегінде бұл жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайына әсерін тигізеді, деп санайды полицейлер.
Еске салайық, 20-30 мамырда Астанада мектеп демалысы қарсаңында кәмелетке толмағандардың қатысуымен ЖКО-ның алдын алуға, жолдарда қалалық көшелерінде балалардың қауіпсіз қозғалысының машықтарын бекітуге бағытталған «Назар аударыңыз, балалар» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.