Жазғы күн тоқырауы адамға қалай әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 21 маусым – 2023 жылдың ең ұзақ күні. Бұл жазғы күн тоқырауымен тұспа-тұс келетін астрономиялық құбылыс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Күн күнтізбесі бойынша Астанада таң сағат 4:58-де атса, 21:33-те батады. Тәуліктің ұзақтығы – 16 сағат 34 минут. Ертең, 22 маусымда да аспан шырағы осы диапазонда сақталады, ал 23 маусымнан бастап Күн бір минуттан кейін шығады, сәйкесінше сол сәттен бастап күн қысқарып, түн ұзара бастайды.

2023 жылдың 21 маусымындағы ең қысқа түннің ұзақтығы – 6 сағат 37 минут болды.

Ежелден 21 маусым сиқырға толы күн деп есептелді, бұл күні күш пен сергектік артып, адамдар ішкі күшке қол жеткізеді. Жазғы күн тоқырауында ең қуатты энергетикалық күндер келеді, ол кезде жақсы тілек айтып, бой мен ойды тазарту, жомарттық танытып, жайбарақат болу маңызды.

Астрологтердің пікірінше, агрессия, жанжал және ұрсысудан бойды аулақ ұстау керек. Осы күні алынған Күннің энергиясы мен жағымды көңіл күй үш айдан алты айға дейін жетуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар