Жібек Құламбаева: Әлем чемпионатының финалдық кезеңі күрделі де қызықты болмақ

Командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі күрделі де қызықты болмақ. Бұл туралы теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

теннис
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогі финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде ертең Қазақстан құрамасы Аустралиямен ойнайды.

Осыған орай жұптық сында әлемдік рейтингте 151-орында тұрған Ж.Құламбаева аталмыш жарысқа барынша жақсы әзірленгенін айтты.

«Соңғы айлардағы ойыныма ризамын. Жұптық сында бірнеше ITF турнирінде жеңімпаз атандым. Севильяға бұрынырақ келіп, дайындалып үлгердім. 9 қараша күні өткен жылғы әлем чемпионатының финалисі – Аустралия құрамасымен шеберлік байқасамыз. Аустралияның жеті дүркін әлем чемпионы атанғанын ескерсек, бұл кездесу бізге қиынға соғары анық. Дегенмен капитанның нұсқауын орындап, дұрыс бағыт ұстансақ, жеңеміз деп ойлаймын», деді Ж.Құламбаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың теннистен ел намысын қорғау үлкен құрмет екендігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Бейбіт Жұқаев АҚШ-та кезекті жеңісіне қол жеткізді.

 

 

Соңғы жаңалықтар