Жібек Құламбаева Анталия жарысына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 312-ракеткасы Жібек Құламбаева Анталия (Түркия) челленджер турнирінің іріктеу кезеңін сәтті өткізді.

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің келесі айналымына өтті
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының жартылай финалында рейтингіде 346-орындағы ресейлік Алевтина Ибрагимованы 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Ж.Құламбаева іріктеу додасының финалында қытайлық, әлемнің 278-ракеткасы Чжэн Вушуанмен шеберлік байқасты. 

Бірінші партияда тай-брейкте қытайлық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:4). 

Екінші сетте 6:5 есебімен Жібек алда тұрған мезетте Ч.Вушуан матчты жалғастырудан бас тартты. 

Екі сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Құламбаева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаға асырды. Вушуан да 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. 
Осылайша, Жібек Құламбаева негізгі жарысқа жолдама алды.

Бұдан бұрын Анталияда дәл осындай екі турнирде Ж.Құламбаева алғашқы айналымда словениялық Зива Фалькнерге есе жіберген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 10-орынға түсіп қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Дмитрий Попко Мексикадағы жеңісінен кейін рейтингіде 175-орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар