Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

жібек теннис
Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 472-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W15 турнирінде топ жарды. 

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші барлығы 5 матч өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады.

Жібек финалда дүниежүзілік рейтингіде 700-орында тұрған швециялық Лиза Заармен кездесіп, камбэк жасай білді - 2:6, 6:4, 6:2.

Осы табысының арқасында Жібек Құламбаева WTA Live рейтингісінде 441-орынға көтерілді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Румынияда жарыстың 2-ракеткасын жеңіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram