Жібек Құламбаева Колумбиядағы жарыстың финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптыұ сында Сопо (Колумбия) челленджер турнирінің финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші словениялық Вероника Эрьявецпен бірге ширек финалда аустралиялықтар Теника Макгиффин — Александра Осборнды 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-словениялық дуэт жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, америкалықтар Рашида Макаду — Анна Роджерске қарсы келді.
Ж.Құламбаева — В.Эрьявец 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Жібек пен Вероника 13 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Америкалық жұп 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Жібек Құламбаева — Вероника Эрьявец финалда бас жүлде үшін таласады.
Олардың қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Швециядағы турнирде Александр Шевченконың жеңіс сериясы тоқтағанын жазған едік.