Жібек Құламбаева Мадридтегі турнирдің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Мадрид (Испания) ITF W100 турнирінің финалына жолдама алды.

Жібек Құламбаева
Фото: ҚТФ

Жарыстың 3-ракеткалары Ж.Құламбаева мен италиялық Николь Фосса-Уэрго жартылай финалда Алжир өкілі Инес Иббоу — нидерландылық Бибиана Схоофспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-италиялық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Ж.Құламбаева — Н.Фосса-Уэрго финалда испаниялықтар Марина Бассольс — Андреа Лазаро Гарсиямен бас жүлдені сарапқа салады. Бұл дуэт ұлыбританиялық Мадлен Брукс — ресейлік Алина Чараеваны жолдан тайдырды — 7:5, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаева Мадридтегі жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар