Жібек Құламбаева Мадридтегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Мадрид (Испания) ITF W100 турнирінің жартылай финалына өтті.

Жібек Құламбаева: Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңіске қол жеткізгеніме қуаныштымын
Фото: sports.kz

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева — италиялық Николь Фосса-Уэрго алдымен румыниялық Андрея Пришакариу — хорватиялық Тена Лукасты 6:1, 6:4 есебімен жолдан тайдырды.

Қазақстандық-италиялық дуэт ширек финалда грекиялық Элени Христофи — америкалық Элизабет Мандликтің меселін қайырды — 6:3, 7:5. Бұл бәсеке бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылды.

Құламбаева — Фосса-Уэргоның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстанның ерлер арасындағы екінші, әлемнің 104-ракеткасы Александр Шевченко Мюнхен (Германия) ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундолоға есе жіберді — 3:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның командасына жаңа бапкер қосылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар