Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

жібек теннис
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Джида Дэниэл — бурундилік Сада Нахиманамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-белоруссиялық жұп 4:1 есебімен алда тұрғанда, қарсыластары матчты жалғастырудан бас тартты.

Жібек Құламбаева — Юлия Хатука финалға шығу үшін испаниялық Андреа Лазаро Гарсия — франциялық Ясмин Мансуримен таласады.

Жекелей сында әлемдік рейтингіде 334-орында тұрған Ж.Құламбаева бастапқыда ирандық Сана Гараканиді 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Алайда 1/8 финалда рейтингіде 379-сатыдағы германиялық Катарина Хобгарскиге есе жіберді — 2:6, 0:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Испанияда қарсыласын ойсырата ұтып, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар