11:40, 05 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жібек Құламбаева теннистен Дубайда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыста спортшы үндістандық Анкита Райнамен жұптасып өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда олар Арианна Хартоно (Нидерланд)/Пратхана Тхомбаре (Үндістан) жұбын 6:3, 5:7, 10:7 есебімен жеңді.
Жартылай финалға шығу үшін Жібек пен Анкита Ұлыбританиялық Джоди Бёррэдж/Фрея Кристи жұбымен кездеседі.
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз.