11:53, 14 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың финалынан тыс қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Солапур (Үндістан) ITF W35 турнирінің финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 924-орында тұрған таиландтық Буньяви Тамчайватпен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберді.
Бірінші партияда Таиланд өкілі айқын басымдылық танытты. Есеп - 6:1. Екіншісінде Жібек 4:0 есебімен алға шыққан. Бірақ сол басымдылықты ұстап тұра алмай, қатарынан алты геймді қарсыласына берді - 4:6.
Матч сағат жарымға жуық уақытқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қос жасөспірім теннисшінің Аустралия чемпионатында бақ сынайтынын жазған болатынбыз.