Жібек Құламбаева жекелей сында Нидерландтағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемнің 457-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сында Амстелвен (Нидерланд) ITF W35 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жібек Құламбаева
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 365-інші, жарыстың 7-ракеткасы, испаниялық Мария Тейшидо Гарсияға тап келді.
Бірінші партияда Жібек бір брейкті артық жасады — 6:4. Есесіне екінші сетте айқын басымдылық танытты — 6:1.
Бәсеке екі сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Жібек Құламбаеваның келесі қарсыласы кейін анықталады. 

Ж.Құламбаева жұптық сында бельгиялық Полина Бахмуткинамен бірге кеше ширек финалда нидерландылықтар Джой де Зееув — Антония Стояновқа жол берді — 4:6, 6:7 (5:7). Тартысты өткен матч 1 сағат 52 минутта аяқталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Нидерландтағы турнирдің келесі айналымына өткенін жазған едік.