«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық алты боксшы финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің жартылай финалында 14 сәуірде ел құрамасынан он сегіз боксшы сынға түсті.

Қазақстандық алты боксшы финалға шықты
Фото: Pixabay.com

Олардың 9-ы ерлер құрамасынан болса, қалғаны әйелдерде шаршы алаңға шықты. Алты боксшымыз финалға шығып, бас жүлдеге таласатын болды.

Ерлер

48 келі. Нұрғиса Тұрабеков — Субхан Мамедов (Әзербайжан) 0:5
54 келі. Жандәулет Сәрсенбаев — Максим Кузнецов (Ресей) 0:5
54 келі. Бағлан Кенжебек — Шахзод Музафаров (Өзбекстан) 4:1
57 келі. Ерхан Тұрдан — Эдуард Савин (Ресей). Ерханның жарақаты
67 келі. Дулат Бекбауов — Наби Исгандаров (Әзербайжан). Дулаттың жарақаты
67 келі. Асылхан Көшербай — Евгений Кул (Ресей) (Асылхан 3-раундте жеңілді)
71 келі. Нұрбек Мурсал — Сардор Абдумуталиев (Өзбекстан) 5:0
75 келі. Санжарәлі Бегалиев — Амин Кушков (Ресей) 4:1
86 келі. Дәурен Мамыр — Жасурбек Юлдашев (Өзбекстан) 0:5

Әйелдер

48 келі. Гүлназ Бөрібаева — Лия Патлай (Ресей) 0:5
50 келі. Элянур Тұрғанова — Сабина Бабакулова (Өзбекстан) 0:5
52 келі. Анжа Сәдуақасова — Валерия Линкова (Ресей) 5:0
52 келі. Томирис Мырзақұл — Зейнаб Рахимова (Әзербайжан) 0:5
54 келі. Элина Базарова — Бахия Ибрахимова (Әзербайжан). Элина 1-раундта жеңді
54 келі. Сымбат Әлиасқар -Дарья Пантелеева (Ресей) 0:5
57 келі. Виктория Байдукова — Айнұр Микайлова (Әзербайжан). Викторияның жеңісімен 3-раундта тоқтатылды
70 келі. Азиза Исина — Ангелина Витова (Ресей) 0:5
81 келіден жоғары. Дина Исламбекова — Айнур Рзаева (Әзербайжан) 1:4.

Соңғы жаңалықтар