Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде екі сағаттың ішінде ЖҚЕ бұзудың 144 оқиғасы тіркелді

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордалық Ішкі істер департаменті жол-патруль полициясының қызметкерлері апта сайын жұма күндері таңертең «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі күні» алдын алу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.
None
None

«Алдын алу іс шарасы Астана қаласының аумағында жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін бұзу және апаттылық жағдайларын төмендету мақсатында жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ өрескел бұзуына, жаяу жүргіншілер жолынан өту ережелерін сақтамауға, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салуға және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзу фактілеріне баса назар аударылады.

«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі күні» алдын алу іс-шарасы өткізілген екі сағаттың ішінде полицейлер ЖҚЕ бұзудың 144 оқиғасын тіркеді, соның ішінде, жаяу жүргіншілердің ережелерді бұзудың 95 фактісі, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 5 фактісі және басып өту және маневрлеудің 14 фактісі. Сонымен қатар, жол 8 жүргізуші жолға қоқыс тастағаны үшін ұсталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырды.

Соңғы жаңалықтар