Жедел әрекет еткен өрт сөндіруші сәбиді құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Джорджия штатында өрт сөндіруші бүлдіршінді ажалдан құтқарды. Оқыс оқиға видеоға түсірілген.

Жедел әрекет еткен өрт сөндіруші сәбиді құтқарды

Өрт сөндіруші Роберт Саттон Де-Калб округінде отқа оранған ғимаратқа алғашқылардың бірі болып жеткен. «Үй лапылдап жанып жатты, қара түтіннен ешнәрсе көрінбеді»,- деді жергілікті Саттон NBC11 телеарнасына берген сұхбатында. «Біз отқа оранған үйде адамдардың  бар екендігін білмедік».

Телеарнаның хабарлауынша, үйді тексермек болған Саттон бұрышты айнала бере, екінші қабаттағы терезенің ашылғанын байқаған. Онда қолында сәбиі бар ер адамның сұлбасы көрінген.

«Мен оған баланы лақтыр дедім. Ол  тастаған кезде жерге түсірмей қағып алдым»,- дейді Саттон.