10:56, 06 Қазан 2012 | GMT +5
Жедел бөлім қызметкерлері қылмыстық іздеудің 94 жылдығын атап өтті - Павлодар
ПАВЛОДАР. 6 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы қылмыстық полиция негізінде құрылған қылмыстық іздеудің 94 жылдығының құрметіне Павлодар облыстық ІІД-нің үздік жеделшілері қызметтеріндегі жетістіктері мен кәсібилігі үшін марапаттарға ие болды,

деп хабарлады департаменттегі баспасөз қызметінің қызметкері Жанна Белялова.
«Қазақстандық полицияға 20 жыл» медалі подполковниктер Бауыржан Киргеев, Жиенбай Айтуғанов пен Сағымбай Ыдырысовқа тапсырылды.
Он екі жедел қызметкер грамоталармен, сегізі - Алғыс хаттармен марапатталды, 14 полицейге алғыс жарияланды.
Облыстық ІІД-нің басшылығы қылмыстық іздеудің барлық қызметкерлеріне табыс және аға буынның ісін лайықты жалғастыруларын тіледі.