Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 2 жастағы бала жапа шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап,  2 жастағы бала жапа шекті. Оқыс оқиға туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 2 жастағы бала жапа шекті

Жол апаты Сәтбаев пен Әуезов көшелерінің қиылысында орын алған.

«Сәтбаев көшесімен шығысқа бағыт алған жедел жәрем көлігі Әуезов көшесіне қызыл бағдаршамға өткен. Салонда фельдшер мен екі жастағы бала болған. Осы кезде Әуезов көшесімен оңтүстікке бағытталған жеңіл көлік жедел жәрдемді соғып кетеді. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылған», - деді С.Әзірбек.

Жол апатынан көліктегі фельдшер мен екі жастағы науқас бала жапа шекті. Олар тез арада ауруханаға жеткізілді.

Аталған оқиғаға байланысты Бостандық аудандық ІІБ әкімшілік полициясы іс қозғады.