«Жедел желі» телефон желісіне ақпараттық сипаттағы 128 қоңырау түсті –ТЖМ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай туралы айтты.

Англия мактабларида мобиль телефонлар тақиқланади
Фото: Kazinform

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді.

Қазіргі уақытта ғимараттар мен құрылыстардың, жол инфрақұрылымының, гидротехникалық құрылыстардың және тағы басқа тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Халықты қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінді. 

Алматыда 384 қабылдау пункті құрылды: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

Халықты қабылдау пункттерінде 371 адам, оның ішінде 39 бала бар.

Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сабақтар болмайды.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ әуежай мен теміржол вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеуде. Метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар