Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақтелеком мен ЭйрАстана жауапқа тартылды

цифровизация
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму министрлігі ақпан айындағы қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты аудит нәтижесін жариялады. 

Бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 16 ақпанында қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректерін белгісіз біреулер GitHub ресурсында хакерлер топтарының бірінің материалдарын жариялады.

«Жарияланған ақпаратта қазақстандық байланыс операторларының абоненттері туралы ресми ақпараттары бар, сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Эйр Астана» АҚ аталды. Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен бірлесіп инфрақұрылымында жаңа ымыраға келу фактілері анықталмаған ұялы байланыс операторларының ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізді. Бүгінде компанияларды отандық ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталықтары қорғайды», - делінген хабарламада.

Мәлім болғандай, министрлік бұған қоса  «Қазақтелеком» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Эйр Астана» АҚ-ға қатысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізген. 

Нәтижесінде 2 заңды тұлға («Қазақтелеком» АҚ, «ЭйрАстана» АҚ) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 641-бабының 1-бөлігі 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзімге нұсқама берілді. «БЖЗҚ» АҚ бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және болдырмау мақсатында тәулік бойы мониторингте тұрғанын атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың екі миллионнан астам жеке дерегі тарап кеткені туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар