16:19, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Жеке кәсіпкерлерді заңсыз тексергендер жауапқа тартылды - БҚО
ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық прокуратурасы «Орал қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ-нің (МСЭҚБ) қызметінде кәсіпкерлерді негізсіз жоспардан тыс тексерулер жүргізу және тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартудың көптеген фактілерін анықтады.
Облыс прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, МСЭҚБ мамандары 18 жеке кәсіпкерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына қатысты негізсіз тексеріп, кейін ҚР ӘҚБтК-нің 323-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Тексерудің қорытындысы бойынша қалалық прокуратура БҚО мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіп, соның нәтижесінде МСЭҚБ бастығына ескерту беріліп, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін үш жетекші маман қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.