Жеке қорғаныс құралдарының ұлттық стандартына өзгерту енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жеке қорғаныс құралдарының ұлттық стандартына өзгерту енгізіледі. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уәкілетті органдар стандарттау жөніндегі ұлттық органмен бірлесіп, жеке қорғаныс құралына қатысты ұлттық стандартқа тиісті өзгертулерді пысықтап жатыр. Пысықтау қорытындысы бойынша сіздерге Сауда және интеграция министрлігі тарапынан қажетті ақпарат ұсынылатын болады», - деді Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына орай.

Бұған дейін еліміздің мемлекеттік органдары Қарағанды облысындағы «Steel Manufacturing» ЖШС қазақстандық патрон зауытының базасында жеке бронды қорғаныс құралдарының (бронды жилеттер мен дулығалар) сынақ зертханасын құру мәселесін пысықтап жатқанын жазған едік.

Аталған зертхана 2024 жылы құрылмақ.


Соңғы жаңалықтар