Жеке меншік білім беру мекемесі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттік қолдауға ие болды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында білім қызметтерін көрсететін шағын мекемені субсидиялау жөніндегі алғашқы келісімшартқа жеке кәсіпкер Жұлдыз Смағзамова, РФ «Даму қоры» АҚ және «Темірбанк» АҚ-ның бөлімшесі қол қойды,
None
None

деп хабарлады аймақтық «Даму» қорынан.

Ағылшын тілінің оқытушысы 6 жыл бұрын Екібастұзда арнайы «Интеллект» тілдерді оқыту орталығын құрған болатын.

Осы жылдар аралығында Ж. Смағзамова қызметтер түрін және келушілердің базасын кеңейтті. Бүгінгі күні бұл мекемеде ағылшын, қазақ, орыс, араб және итальян тілдерін оқытатын, сондай-ақ физика, математика, химия, биология және тарих пәндерін үйрететін кәсіби оқытушылар жұмыс істейді. Барлық мамандар кем дегенде екі тілді меңгерген. Дарынды балалар мен тұрақты келушілерге жеңілдіктер қарастырылған.

Айта кетейік, кәсіпкер қордың екі бағдарламасына «Бизнестің жол картасы 2020» және «Аймақтық даму 2» қатыса отырып, несиенің 3,35 пайыз сыйақысын ғана төлейді.

Соңғы жаңалықтар