19:47, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Жеке такси жүргізушілерге патент берілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, енді бір реттік талон емес, бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге патент алады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жаңа заңнамаға Қызылорда қаласы әкімдігінде кеңінен түсіндірме жасалды. Жиын барысында таксимен тасымалдау қызметін орталықтандыру туралы ұсыныс білдірілді және салық органдарынан арнайы "терезе" ашу жайы айтылды. Кез-келген түсініспеушілік орын алған жағдайда жүргізушілер сол "терезелер" арқылы мамандардан өз сауалдарына жауап ала алады