Жеке тұлғалардың банкроттығы жаппай сипат ала қоймайды – экономист

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономист Андрей Чеботарев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануы қаржы нарығына қалай әсер ететініні туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Халықтың ішінде банкроттығын рәсімдегісі келетінін айтушылар көп. Шын мәнінде олпроцедура соншалық оңай болмайды. Оңай болмағаны дұрыс та. Өйткені банкроттық деген оңай рәсімдей салатын шара болмауы керек. Банкроттық –басқа амал қалмаған кездегі ақырғы қадам. Яғни, несиені төлегісі келмейтіндер емес, шынымен де төлей алмайтындар банкроттық рәсімдеуі керек. Сондықтан халық жаппай банкроттық рәсімдейді деп ойламаймын»,- деді сарапшы.

Айтуынша, заң қабылданған кейін проблемалы несиені берген екінші деңгейдегі банктер біршама шығын көреді.

«Өйткені бұған дейін кешірілген несиелер бюджет есебінен өтелсе, бұл процесте олай болмайды. Алайда банкротқа төленбей кеткеніне 5 жылдан асқан несиелер жатады. Ал ондай несиенің басым бөлігін есептен шығарылған. Менің ойымша, бұл заңның қабылдануы банктердің борышкерлерге деген талабын біршама қатаңдатады. Банкроттық рәсімдеген борышкерге кейін банктер тым талапшыл болады. Оның несие төлеу қабілеттілігін мұқият қарап, жалпы несие өтінімдерді мақұлдау кезінде барынша сақ болады. Беретін несие сомасын да ойланып барып бекітеді. Бірақ ауқымды өзгеріс бола қоймайды. Өйткені банкроттық жаппай сипат ала қоймайтынын жоғарыда айттым. Ол процестің қиын өтетінін көрген талай адамның қазіргі көңілі су сепкендей басылуы мүмкін»,- деді Андрей Чеботарев.

Еске салсақ, банкроттық рәсімдеген азаматтар 5 жыл көлемінде банктер мен микрокредиттік ұйымдардан қарыз ала алмайды.

Аталған заң жобасында жеке тұлғаның банкроттығын рәсімдеудің үш жолы ұсынылған.

Сондай-ақ борышын өтей алмағаны үшін сот арқылы банкроттық рәсімдеген азаматтар әрбір әрекетін қаржылық басқарушылардың нұсқауымен жасайды.


Соңғы жаңалықтар
telegram