11:21, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік сома 2012 жылдан кейін де тұрақты сақталады - Ұлттық банк төрағасының орынбасары
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік сома 2012 жылдан кейін де тұрақты сақталады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті
Қазіргі уақытта Парламент Сенатының қарауында қаржы секторының тәуекелдерін азайту бойынша Заң жобасы жатқанын атап өткен Д.Ақышев: «ол қабылданса, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген сома 5 миллион теңге мөлшерінде 2012 жылғы қаңтардан кейін де тұрақты негізде сақталады», - деді.
Сондай-ақ оның атап өтуінше, Ұлттық банк салымшыларды қорғау мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының капиталын 10 пайызға, яңни 133,1 миллиард теңгеге дейін ұлғайтқан.