Жекелеген меморгандар бизнесті тексеру бойынша өз құқықтарын сақтап қалу үшін барынша тырысып бағуда - Б.Сағынтаев

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың қадағалау бойынша өздерінің құқықтарын сақтап қалу тұрғысындағы негізсіз әрекеттері туралы айтып берді.
None
None

Бұл жайында ол бүгін Үкімет отырысында мәлім етті.

Б. Сағынтаевтың пайымдауынша, шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру жыл сайын 30 пайызға қысқарып отырғанына қарамастан, кейбір мемлекеттік органдар аталған тексерулерді заңды түрде қайтарып алуға тырысып бағуда.

«Олар осы орайда заңға тиісті түзетулер енгізу бойынша бастама көтеруде. Мұндай әрекеттер болды және біз олардың жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз», - деп нақтылап өтті Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Белгілі болғанындай, бүгінде 800-ге жуық рұқсатнамалық құжат бар. Жыл басынан бері ведомствоаралық комиссия 250-ге тарта рұқсатнамаларды қарастырып шықты. Оның ішінде 20-сына қарсылық білдіру бойынша ұсыныстар түсті. Ал, қалған 230-ы бойынша қарсылық болған жоқ. Яғни, сарапшылық топ бұл рұқсатнамаларды алып тастау бойынша өздерінің пікірлерін дәлелдей алды.

Аталған 20 рұқсатнама бойынша өздерінің өкілеттілігін бермеу үшін негізсіз ұсыныстар жасалып отыр. Кейбір мемлекеттік органдар осы тұрғыда барынша қарсылық танытуда.

Соңғы жаңалықтар