10:09, 05 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Жекеменшік моншада болған жарылыстан бір адам зардап шекті
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін түнде, Қызылорда қаласында «Дәрмен» ЖШС-ның моншасында жарылыс болды.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, жарылыс моншадан жеке орналасқан бір қабатты қазандық ғимаратында болды. Өрт шыққан жоқ, бірақ, 160 шаршы метр аумақта тіреу қабырғалары мен темір бетонды жабындылар құлады. Салдарынан 26 жастағы пеш жағушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-ның 11 адамы мен 3 техникасы және «Оңтүстік өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы» ММ-нің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды