10:12, 15 Шілде 2009 | GMT +5
Жекеменшік ұшақ Өскемен әуежайына апатты жағдайда қонды
АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Өскемен әуежайына апатты жағдайда жекеменшік ұшақ қонды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше, шілденің 14-інде сағат 17.57-де жерге қонар кезде «Динамит WT-9» жекеменшік ұшағының алдыңғы шассиінің бағаны шықпай қалады. Ұшақ бортында Австрия мен Түркия азаматтары болып табылатын ұшқыштардан басқа жолаушылар болмаған. Апатты жағдайда қонудың нәтижесінде ұшақтың винті мен корпусы зардап шеккен, ұшқыштар аман-есен.