Жекеменшік ай модулі Айдағы миссиясын орындай алмады

АСТАНА. KAZINFORM – Айдың оңтүстік полюсіне жақын жердегі кратерге бүйірімен қонғаннан кейін жеке Ай модулі енді жұмыс істемей қалдыды,  деп хабарлайды ABC News. 

Жекеменшік ай модулі Айдағы миссиясын орындай алмады
Фото: «Узбеккосмос» агенттігі

Миссия техастық Intuitive Machines компаниясының сәтсіз қону әрекетінен кейін 24 сағаттан аз уақыт өткен соң аяқталды.

Өткен аптада ұшырылған «Афина» деп аталатын қондырғыш модуль н800 футтан астам (250 метр) жаңылысып, мұзды кратерге түсті. 

Ол үнсіз қалмас бұрын орналасқан жерін растайтын фотосуреттерді қайтарып, бірнеше экспериментті белсендіре алды. 

Қондырғыш модуліндегі күн панельдерінің бағытын және кратердегі қатты суықты ескере отырып, «Афинаның» батареяларын қайта зарядтау ықтималдығы төмен.

Бұл Intuitive Machines үшін көнудың екінші әрекеті болды. Бір жыл бұрын болған біріншісі бүйірлік қонумен аяқталды, бірақ модуль ұзағырақ төзе алды.

Соңғы жаңалықтар