Жекешелендіру облыстық бюджеттерді 2 млрд 922 млн теңгеге толықтыруға ықпал етті

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, 2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 831 нысан жоспарланса, соның ішінде 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсаны арасында 490 нысан жекешелендіруге жатқызылған болатын. «2015 жылдың 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 424 нысан шығарылып, 235-і сатылды. Оның ішінде республикалық меншік бойынша - 12, коммуналдық меншік бойынша - 112, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша - 61, холдингтер бойынша - 50 нысанды құрады. Осыған байланысты, республикалық бюджетке 4 млрд 949 млн теңге түссе, облыстық бюджеттер 2 млрд 922 млн теңгемен толықты. Холдингтерге 67 млрд 261 млн теңге, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға 2 млрд 964 млн теңге түсті», - делінген баспасөз баянында.