Жекпе-жекке екі күн қалғанда Данияр Елеусіновтің қарсыласы өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) Ұлыбритания астанасы Лондонда 6 маусым күні өтетін кездесуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Бұрын оның қарсыласы 30 жастағы Габор Горбич (24-11, 14 КО) болатыны жарияланған еді.

Алайда венгриялық боксшы жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтыны белгілі болған соң, оның орнына басқа мажар боксшысы Золтан Шабо Даниярға қарсы рингке шығатын болды. Ол да тәжірибелі боксшы - 23 кездесудің 10-ын нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, биыл Шабо алты кездесу өткізіп үлгерді. Соның төртеуінде жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.

Данияр Елеусінов 28 сәуір күні Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар