Жексенбі күні 17 адам суға кетіп, мерт болды

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі күні республикада 17 адам суға кетіп, мерт болды, олардың арасында балалар да бар.
None
None

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында болған жазатайым оқиғалардың дерлік барлығы азаматтардың өзендерде, суаттарда, су қоймалары мен жағажайларда шомылуы барысында орын алған.

Ал Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы «Шөлдала» саяжайында 6 жасар бала абайсызда су арнасына құлап кетіп, қаза болды. Оның денесі судан-құтқару қызметінің күшімен келесі күні шығарылды.

Соңғы жаңалықтар