Жексенбі күні елдің басым аумағы жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты күн жауын-шашынды болады. Тек еліміздің батыс және оңтүстік бөліктерінде ғана жауын болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.
None
None

«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, жексенбі күні желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман түсуі мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар