Жексенбіде еліміздің барлық аумағында ауа-райы ашық, тек кей жерлерде аздаған қар жаууы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 ақпанда еліміздің барлық аумағында ауа-райы ашық, тек кей жерлерде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Қазақстаның барлық территориясында жауын-шашынсыз, ашық ауа-райы күтіледі, тек солтүстік-батыста және орталықта фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында 20-25, екпіні 30 м/с астам желдің күшейуі күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Соңғы жаңалықтар