Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 шілдеде атмосфералық аға ағынының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.    

Синоптиктер таратқан мәліметтерге қарағанда, Ақмол, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

 Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысиды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар