Жел, көктайғақ, бұрқасын: бүгін 16 өңірде күн райы бұзылады
АСТАНА. KAZINFORM – 12 қараша күні Астана қаласында және еліміздің 15 өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Агенттіктің мәліметінше, республика аумағында қар, жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын мен тұман күтіледі. Көптеген өңірлерде желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін жетуі ықтимал.
Астана қаласында көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа және батысқа ауысады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Абай облысында түнде және күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Көктайғақ пен төменгі бұрқасын күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болжанып отыр. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен қар, көктайғақ және бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Таулы өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысында шығыс бағыттағы желдің күші 17-22 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ және бұрқасын болжанып отыр. Күндіз де осындай ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Қостанай облысының түнде және күндізгі бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын болжанған. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Мамандардың айтуынша, ауа райының бұзылуы жол қозғалысына және коммуналдық қызметтердің жұмысына әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақмола облысында көктайғаққа қарамастан жазғы дөңгелекпен шыққан жүргізушілер жолдан қайтарылды.