07:46, 27 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Железин ауданында жас мамандарға жаңа жылдық тарту жасалды - Павлодар облысы
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Павлодар облысы Железин ауданында 16 жас маманға жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды облыс әкімінің бапасөз қызметінен.

Жаңа тұрғын үй «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша салынған. Бұл пәтерлерде жас мамандардың жайлы тұрмысы үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа үй толығымен орталық жылыту, сумен қамту, кәріз және су жылыту жүйесіне қосылған. Мұның бәрі жас кадрлардың алаңсыз жұмысы үшін жасалған қолайлы жағдай екені сөзсіз.
Баспаналы болу қуанышына ие болғандар - ауданның жас дәрігерлері, мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері.