Желіде Головкин-Джейкобс айқасы туралы жаңа проморолик жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин мен Джейкобс айқасына 45 күн қалды. Аңызға айналған Madison Square Garden аренасы айтулы жекпе-жекке орай, проморолик жариялады.
None
None

Еске сала кетсек, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша әлем чемпионы, қазақстандық  боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен орта салмақта WBA тұрақты чемпионы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жегі 18 наурызға жоспарланған. 
 
Бұған дейін промоутер Том Леффлер Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс айқасының коммерциялық табысына қатысты өз болжамдарын айтып берген болатын. 

«Егер Дэнни Джейкобс секілді Нью-Йорк жұртшылығына танымал боксшының кездесуін өткізсең және оған Геннадийді қоссаң, жанкүйерлердің тамаша белсенділігін көруге болады. Билеттердің сатылымына деген қызығушылық орасан. Жекпе-жек АҚШ-та НВО PPV арнасынан әлемнің жүзден астам еліне трансляцияланады. Екі боксшы да бір-біріне мықты қарсылас болғалы тұр», - деді Леффлер.

Соңғы жаңалықтар