03:01, 23 Сәуір 2019 | GMT +6
Желіде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастық шағы жөнінде бейнеролик жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Youtube.com желісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалық және жастық шағындағы суреттер бейнеленген ролик пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бейнероликте Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалық шағында және жас кезіндегі сирек суреттері мен оның өміріне қатысты біршама деректер көрініс тапқан.
Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпақ жұртқа беймәлім суреттері жарияланған болатын.