Желтоқсанда Астанада ауа райы қандай болады

Еліміздің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі желтоқсан айында елордада ауа райы қандай болатындығына қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.

ауа райы
Фото: Pixabay

Синоптиктердің болжамына сәйкес, желтоқсандағы орташа айлық ауа температурасы минус 10,2 градус болады деп күтіледі. Бұл нормадан 1-2 градусқа жоғары.

Айдың алғашқы 10 күнінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде -5, -10 градустан -22, -27 градусқа дейін, күндіз 0, -5 градустан -12, -15 градусқа дейін;

Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқитындығы болжанады: түнде -5, -10 градустан -8, -13 граудсқа дейін, күндіз 0, -5 градустан -5, -10 градусқа дейін;

Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде -17, -22, ал күндіз -13, -18 градусқа дейін. Одан кейін ауа температурасы түнде -5, -10, ал күндіз 0, -5 градусқа дейін болуы ықтимал.

Желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасы түнде -15, -20, күндіз -7, -12 градусқа жетеді.

Желтоқсан бойы қар жауып, боран тұрады, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар