Желтоқсанның басынан Үндістанда суықтан 100-ге жуық адам көз жұмды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Желтоқсанның басынан Үндістанның солтүстік және шығыс аудандарында бұрын-соңды болмаған суықтың салдарынан 93 адам қаза тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды.
None
None

Уттар-Прадеш қаласында осы уақытқа дейін суық тиюден 61 көз жұмған адам тіркелді. Олардың көбісі - панасыз қалған қарттар мен кедейлер.

Елдің шығыс штаты Бихарда ауа райы температурасының күрт төмендеуінен 25 желтоқсанға дейін мектептегі сабақтар тоқтатылған көрінеді. Картил ауданында осы ел үшін өте суық болып табылатын ауа райының температурасы 12 градусқа дейін төмендеген. Штаттың астанасы - Сринагорда бар жоғы нөл градус, дегенмен су қатып қалған. Нью-Дели қаласында аптаның басынан әр таң сайын болатын қалың тұман көліктің қозғалысына кедергі келтіріп тұр. Сонымен бірге, тұманның кесірінен пойыздардың жүру кестесі өзгерген.

Соңғы жаңалықтар