Жемқорлығы үшін сотталған БҚО әкімі орынбасарының апелляция шағымын сот қарамады
Қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін сотталған БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты апелляциялық шағым қараусыз қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ержан Балтаев пен оның адвокаты апелляциялық шағымды кері қайтарып, оның қараусыз қалдыруын өтінген.
Соған байланысты апелляциялық шағым қараусыз қалдырылып, өндіріс қысқартылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жемқорлығы үшін сотталған БҚО әкімінің бұрынғы орынбасары апелляциялық шағым түсіргенін жазған болатынбыз.
Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін Е.Балтаев сот үкімімен айыпты деп танылып, оған 8,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.
Оған қоса бұрынғы орынбасар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.