Жемқорлық фактілерінің 4/1-і мемлекеттік сатып алу саласында тіркеліп отыр

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жемқорлық фактілерінің 21,2 пайызы мемлекеттік сатып алу саласында тіркеледі.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында кеңес төрағасы Оралбай Әбдікәрімов мәлім етті.

 «2011-2012 жылдары Қаржы полициясы мемлекеттік сатып алулар саласында 1159 жемқорлық және лауазымды қылмысты анықтады. Мемлекеттік сатып алулар саласындағы жемқорлық қылмыстар жалпы жемқорлық қылмыстар санының 21,2 пайызын құрап отыр. Ең көп жемқорлық фактілері ОҚО, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және Астана қаласында тіркелген», - деді О. Әбдікәрімов.

 Партия мәліметтері бойынша, аталмыш уақыт аралығында жасалған жемқорлық фактілерінің жалпы сомасы 351,3 млрд. теңгені құраған. Оның ең көбі Астана қаласында - 147 051 млн. теңге, министрлік аппараттарында - 65 853 млн. теңге, Ақмола облысында - 24 898 млн. теңге, Шығыс Қазақстан облысында - 26 364 млн. теңге, Алматыда - 20 834 млн. теңге.

Соңғы жаңалықтар