Жемқорлық жоспарлаушы орган мен бюджет қаржысын алушы арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесіне ықпал етеді - ҚР Есеп комитетінің төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлық жоспарлаушы орган мен бюджет қаржысын алушы арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесіне ықпал етеді. Бұл туралы бүгін «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин айтты.
None
None

«Мен бюджет қаржысының игерілмеуінің басты себебінің бірі жемқорлық емес екендігіне толық сенімдімін. Жемқорлық емес. Басты себептердің бірі - сапасыз жоспарлау, жоспарланған іс-шаралардың сапасыз орындалуы. Жемқорлық жоспарлаушы орган мен алушы арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесіне барынша ықпал етеді. Міне, осы жерде, меніңше, жемқорлық әрекеттер үшін үлкен кеңістік туындауда. Мен бұлайша не үшін айтып отырмын? Әрине, қаржы беру шешім біреу қабылдайды. Ал, ол қаржыны алушы жақ бірнешеу болуы мүмкін. Әрине, мен мұны жалпылама түрде айтып отырмын. Дегенмен, қаржы бөлу туралы шешімді біреу қабылдайтын кез келген деңгейде, оны алуға тырысатындардың саны бірнешеу болатыны түсінікті. Іс жүзінде мұндай жайт мемлекеттік сатып алуларға да қатысты», - деді есеп комитетінің төрағасы.

Оның атап өтуінше, бюджет қаржысын бөлу туралы шешімдердің барлығы бірдей жемқорлық әрекеттерге жатқызылмайды. Өйткені, оның тәуекелі өте зор. Бұған қоса, бұл сала бүкіл әлем назар аударатын нысанға айналып отыр.

Сонымен қатар Қ.Жаңбыршин есеп комитетінің тексерулері нәтижесінде бюджет қаржысын пайдалану саласында ережелердің бұзылуына жол берілгені туралы ондаған материалдың құқық қорғау органдарына жолданғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар