19:10, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Жемқорлыққа қарсы агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне жаңа басшы келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы болып Мұрат Жамбылұлы Ахметов тағайындалды.
Сонымен қатар Урумханов Мұрат Жәлелұлы агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін аталған ведомствоның 6 өңірдегі департаменттерінің басшылары ауысқанын жазған едік.