Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

Берген Маратұлы 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.
2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша, 2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2013 жылы Гуманитарлы-техникалық академияны «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша бітірді.
Б. Беспалинов РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызметі академиясында, сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқыды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2002 жылы бастады және содан кейінгі 9 жыл ішінде Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің көмекшісі, Ақмола облысы Ерейментау ауданы әділет басқармасының басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде бөлім басшысы, Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.
2011-2015 жылдар аралығында - Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі.
2015-2016 жылдар аралығында - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы.
2016 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметтерін атқарды.