13:53, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Жемқорлықпен күрестің жөні бөлек - көшпелі семинар
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордада облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімдерінде көшпелі семинар өткізді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу және қызметкерлердің құқықтық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында өткен бұл семинарда өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Болатбек Қосмұратов, кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны Әбілда Баекеев жемқорлықтың жолын кесу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ал құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жадыра Мырхиева жоғарыдағы өрт сөндіру бөлімдерінің басшы және жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына слайдтық көрсетілімдер арқылы түсініктеме беріп, семинарға қатысушыларды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.