Жемқорлықтан ада университеттер жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі академиялық әділдігі жоғары, яғни сыбайлас жемқорлықты барынша азайтқан жоғары оқу орындарын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, еліміздегі жоғары оқу орындары жемқорлықпен күресудің тиімді шараларын іске асыруды біледі. Ондай университеттер бар. Олар - Назарбаев университеті, «Нарxоз», Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Алма» мен КИМЭП. Аталған университеттердің басшылығы нақты әрі қатаң шараларды қолға алды. Заңсыз ақша жинағаны үшін кафедра меңгерушілері мен декандардың жеке жауапкершілігі енгізілді. Материалдық мүлікті тиімді басқару жағы да күшейтілді», - деді агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен жиында.

Айта кетейік, отырыс барысында Алик Жатқамбайұлы мемлекеттік гранттарды бөлу құзыреті университеттердің өздеріне берілгеннен кейін жемқорлық мәселесінің ушығып кеткенін жеткізді. 

 

Соңғы жаңалықтар